Валерий Громыко «Алтын доп» алды
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко Беларусь елінің үздік спортшысы атанды. Валера биылғы жылы Ұлттық құрамаға шақырыла бастады. Өзі қатысқан 9 ойында 2 рет мергендік танытып, 2 рет нәтижелі пас берген. Валерий Громыко – 890 ұпай Александр Мартынович – 514 Федор Лапоухов – 234. Ал 2023 жылы топ жарған Макс Эбонг оныншы орынға (25 ұпай) жайғасты.