| Решфордтың тұрақтылығы күмән тудырып тұр "Барселона" Маркусты 30 млн еуро төлеп сатып алу ойынан қайтып қалды, деп жазады Diario Sport. Клуб соған байланысты басқа ойыншы қарастыра бастады. Қысқа тізімде Малик Фофана ("Лион") мен Антонио Нуса ("Лейпциг") бар. Каталониялықтар ағылшындық шабуылшы бір маусым бойы жоғары деңгейде ойнай алады дегенге күмәнмен қарай бастады. Ол осы маусымда барлық турнирлерде 1246 минут өткізді. Еншісінде 6 гол мен 7 голдық пас бар. |